Қордай: «Ас беру мәдениеті» құжатының таныстыру жұмыстары жалғасуда

Қордай: «Ас беру мәдениеті» құжатының таныстыру жұмыстары жалғасуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде «Ас беру мәдениеті» құжатын таныстыру және түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда.

Осы бағытта аудандық мешіттің наиб имамы Әнебеков Жанұзақ жамағатпен кездесіп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен құжаттың маңыздылығына тоқталды. Кездесу барысында ас беру рәсімдерін шариғат талаптарына сай ұйымдастыру, ұлттық салт-дәстүрді сақтау, ысырапшылдыққа жол бермеу және қаралы үйге түсетін ауыртпалықты жеңілдету мәселелері түсіндірілді.

Дін қызметкері ас берудің жарыс емес, марқұмға бағышталған дұға мен сауапты амал екенін атап өтіп, жамағатты құжатта көрсетілген талаптарды қолдауға шақырды.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: