Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Мойынқұм ауданына жасаған жұмыс сапары барысында ауданның ерікті жастарымен және мектеп мұғалімдерімен арнайы кездесу өткізді.
Тағылымды басқосуда ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеу, жас ұрпақ тәрбиесіндегі ұстаздардың рөлі, сондай-ақ қоғамдағы бірлік пен отансүйгіштік мәселелері кеңінен қозғалды. Наиб имам жастарды білім алуға, еңбекқорлыққа және игі істерге белсенді атсалысуға шақырды.
Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, алдағы уақытта рухани-ағарту бағытындағы бірлескен шараларды жалғастыру жөнінде уағдаластық жасалды.



23 Қараша 2026
12 Джумада-сани 1448

