МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫНДА МЕШІТ ЖАНЫНАН ҚҰДЫҚ УАҚЫП ЕТІЛДІ

МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫНДА МЕШІТ ЖАНЫНАН ҚҰДЫҚ УАҚЫП ЕТІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мойынқұм ауданындағы мешіт жанынан халық игілігіне арналған құдық уақып етіліп, ел игілігіне берілді. Игі шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы арнайы қатысты.

Шара барысында облыс бас имамы су шығарып, көпшілікке тарту етудің сауабы мен уақып дәстүрінің қоғамдағы маңызына тоқталды. Ол бұл бастаманың мешіт жамағаты мен жергілікті тұрғындар үшін үлкен рухани әрі тұрмыстық көмек екенін атап өтті.

Игі іске ұйытқы болған азаматтарға алғыс айтылып, шара соңында ел амандығы мен берекесі үшін арнайы дұға жасалды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: