Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Мойынқұм аудандық мешітінде жергілікті жамағатпен кездесті.
Кездесу барысында облыс бас имамы жамағатпен бірге бесін намазын оқып, жиналған қауымға тағылымды уағыз-насихат айтты. Уағызда Ислам дініндегі ауызбіршілік, татулық, көркем мінез және имандылық құндылықтары кеңінен сөз болды.
Кездесу соңында Асқар Зәкіржанұлы жамағаттың көкейінде жүрген діни сауалдарына жауап беріп, ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін арнайы дұға жасады.




23 Қараша 2026
12 Джумада-сани 1448

