Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша «Уақып» корпоративтік қорына жауапты өкілі Амангелді Дәулет Мойынқұм ауданының имамдарына арнайы семинар өткізді.
«Уақып – ұрпаққа қалдырған рухани мұра» тақырыбында ұйымдастырылған жиында уақып мүлкінің шариғаттағы орны, қоғам дамуындағы рөлі және қор жұмысының негізгі бағыттары жан-жақты түсіндірілді.
Семинар барысында ауданның дін қызметкерлеріне қайырымдылық жобаларын жүйелеу, уақып мәдениетін халық арасында кеңінен насихаттау және ел игілігіне бағытталған бастамаларды тиімді жүзеге асыру жолдары бойынша нақты әдістемелік бағыт-бағдар берілді.
Жиын соңында имамдар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өзара тәжірибе алмасты.



23 Қараша 2026
12 Джумада-сани 1448

