ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Мойынқұм ауданына жасаған жұмыс сапары барысында аудандық орталық мешітте жамағатпен жүздесіп, құптан намазы алдында уағыз айтты.
Тағылымды кездесуде бас имам Ислам құндылықтары, қоғамдағы бірлік пен татулықтың маңызы, сондай-ақ мұсылманның көркем мінезі мен имандылық жолындағы жауапкершілігі туралы кеңінен насихат жүргізді.
Мешітке жиналған жамағат көкейлерінде жүрген діни сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Кездесу соңында ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін арнайы дұға жасалды.


23 Қараша 2026
12 Джумада-сани 1448

