Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Мойынқұм ауданына жасаған жұмыс сапары барысында аумақты көгалдандыру шарасына қатысты.
Игі бастама аясында облыстың бас имамы аудан аумағына 4 түп ағаш көшетін отырғызды. Шараның басты мақсаты — қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді абаттандыру және Ислам дініндегі табиғатқа жанашырлықпен қарау құндылықтарын дәріптеу.
Ағаш отырғызу жұмыстарына ауданның дін қызметкерлері мен жергілікті жамағат та атсалысып, көшеттерге тұрақты күтім жасау жауапкершілігін алды.



23 Қараша 2026
12 Джумада-сани 1448

