Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы мен наиб имам Бахтияр Әміреев жұмыс сапарымен Мойынқұм ауданына барды.
Сапар аясында ауданның бас имамы бастаған жергілікті дін қызметкерлерінің қатысуымен арнайы жиналыс өтті. Басқосу барысында муфтият бекіткен негізгі жұмыс бағыттары бойынша ауданда атқарылып жатқан шаралар кеңінен талқыланды.
Облыс бас имамы Асқар Зәкіржанұлы дін қызметкерлерінің жұмыс сапасын арттыру, мешіттердің жүйелі қызметін қамтамасыз ету және халықпен тығыз байланыс орнату мәселелеріне тоқталып, алдағы кезеңге арналған нақты бағыт-бағдар берді.
Жиналыс соңында аудан имамдарына ҚМДБ бастамаларын жоғары деңгейде жүзеге асыру жөнінде тиісті тапсырмалар жүктелді.



23 Қараша 2026
12 Джумада-сани 1448

