«Жарас ата» мешітінің имамы Әбдуали Бейсеналиев мешіт асханасына жиналған ауыл тұрғындарына «Құдай ас беру кезіндегі ысырапшылдықтың зияны» жөнінде насихат айтты.
Кездесу барысында ас берудің негізгі мақсаты, марқұмға дұға бағыштау, көпшіліктің батасын алу және мұқтаж жандарға қамқорлық көрсету екені түсіндірілді. Сонымен қатар, дастарқан жаюда шектен тыс шығынға бармай, қарапайымдылық пен берекені негізге алу қажеттігі айтылды.
Жамағатқа құдайы астың жарыс емес, сауапты амал екенін ұғындыруға басымдық берілді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



22 Қараша 2026
11 Джумада-сани 1448

