#Шу: Белбасар ауылында хатымхана ашылды

#Шу: Белбасар ауылында хатымхана ашылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Белбасар ауылындағы «Хати Сауранбай» мешітінің жанынан жамағат игілігіне арналған жаңа хатымхана ашылды.

Игі бастаманың ашылу салтанатына ауыл тұрғындары мен жамағат өкілдері қатысып, қуанышқа ортақтасты. Салтанатты шара барысында хатымхананың қызыл лентасы қиылып, жаңа нысанның есігі көпшілікке айқара ашылды.

Шара аясында мешіттің бас имамы Алмас Кенжемолдаев жиналған жұртшылыққа уағыз-насихат айтып, игі істің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар ауыл тұрғындары мен жамағатқа арнап дастарқан жайылып, құдайы ас берілді.

Жаңа хатымхана ауыл тұрғындарының бас қосып, діни рәсімдер мен рухани тағылымды шараларды өткізуіне арналған ортақ орын болмақ.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: