Шығанақ ауылындағы «Досекеұлы Абсат» мешітінің имамы Рахымбай Тусупов жүргізуімен қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – нашақорлықтың алдын алуға бағытталған тағылымды кездесу өтті.
Жиын барысында жол жөндеу мекемесінің жұмысшыларына «Нашақорлық – құрдымға кетіреді» тақырыбында уағыз-насихат айтылды. Кездесуде есірткіге тәуелділіктің адам өміріне, отбасына және тұтас қоғамға тигізер зияны кеңінен түсіндіріліп, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы айтылды.
Сонымен қатар мешіт асханасында құдайы ас беріліп, жиналған жамағатқа дастарқан жайылды. Ізгі ниетпен ұйымдастырылған шара рухани тағылым мен имандылық құндылықтарын насихаттауға арналды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



21 Қараша 2026
10 Джумада-сани 1448

