#Мойынқұм: «Дін мен дәстүр – егіз ұғым» тақырыбында уағыз айтылды

#Мойынқұм: «Дін мен дәстүр – егіз ұғым» тақырыбында уағыз айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Мойынқұм» мешітінде ауданның бас имамы Ержан Көшкімбай жамағатқа «Дін мен дәстүр – егіз ұғым» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.

Уағыз барысында ислам діні мен қазақ халқының сан ғасырлық салт-дәстүрлерінің сабақтастығы, ұлттық құндылықтардың тәрбиелік мәні кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, ата-ананы ардақтау, туыстық қарым-қатынасты сақтау секілді асыл қасиеттердің дініміздегі орнына тоқталды.

Бас имам жамағатты имандылық пен ізгілікті ту етіп, ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге және ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: