Мойынқұм ауданының бас имамы Ержан Көшкімбай жамағатпен дастарқан басында жүздесіп, ысырапшылдық тақырыбында тағылымды уағыз айтты.
Уағыз барысында ысырапқа жол бермеу, ас пен ас берудің қадірін білу, қолдағы барды ұқсатып пайдалану және үнемшілдікке мән беру мәселелері сөз болды. Сонымен қатар ислам дініндегі қанағатшылдық пен шүкіршіліктің орны түсіндіріліп, жамағатты ысыраптан сақтануға шақырды.
Бас имам берекенің бастауы – қанағат пен шүкіршілікте екенін атап өтті.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



21 Қараша 2026
10 Джумада-сани 1448

