САРЫСУ: «БІРЛІК АЛАҢЫ» атты апталық футбол ойыны

САРЫСУ: «БІРЛІК АЛАҢЫ» атты апталық футбол ойыны

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Сарысу» аудандық орталық мешітінің жамағаты арасында «Бірлік алаңы» атты апталық футбол ойыны ұйымдастырылды.

Спорттық кездесудің алдында Нұрмахар Санжар ұстаз жамағатқа ойынның тәртібі мен әдебі жөнінде насихат айтып, футбол барысында бейәдеп сөздерден, орынсыз әрекеттерден аулақ болудың маңыздылығына тоқталды. Ұстаз спорттық бәсекенің өзара құрметке, сабырлыққа және көркем мінезге негізделуі керектігін еске салды.

Одан кейін қатысушылар футбол алаңында өзара бақ сынасып, командалық ойын арқылы ұйымшылдық пен бірліктің үлгісін көрсетті. Кездесу барысында жамағаттың спортқа деген қызығушылығы артып, өзара бауырмалдық пен достық қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік туды.

«Бірлік алаңы» апталық футболының негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жамағат арасындағы ынтымақты арттыру және жастарды пайдалы әрі тәрбиелік мәні бар ортаға тарту.

Спорт – денсаулықтың кепілі ғана емес, өзара сыйластық пен тәртіпті қалыптастыратын маңызды құрал. Дін мен денсаулықты қатар ұстанған, рухани әрі физикалық тұрғыдан дамыған жастарымыз көбейе берсін!

Бірлігіміз бекем, бауырластығымыз мәңгі болсын!

Сарысу аудандық мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: