«Сарысу» аудандық орталық мешітінде жамағатпен дәстүрлі апталық шәй үстіндегі рухани сұхбат ұйымдастырылды.
Жылы жүздесу мен бауырмалдыққа негізделген басқосу барысында ауданның бас имамы Ғалымжан Қонақбаев жамағатқа тағылымды насихат айтып, исламдағы тақуалықтың маңызы, мұсылманның көркем мінезі, өзара құрмет пен ауызбіршіліктің қадірі жөнінде кеңінен ой бөлісті.
Насихат барысында тақуалықтың тек сыртқы амалдармен шектелмей, адамның жүрегіндегі Аллаға деген ықыласы мен күнделікті өміріндегі жауапкершілігінен көрініс табатыны түсіндірілді. Сонымен қатар, мұсылман қауымының арасындағы сыйластықты сақтау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету және бірлікті нығайту мәселелеріне ерекше тоқталды.
Бас имам жамағатты рухани білімін жетілдіруге, ізгі амалдарға ұмтылуға және мешіт төңірегіндегі қайырлы ортаны сақтауға шақырды.
Апталық шәй үстіндегі рухани сұхбат – жамағаттың бір-бірімен жақындасуына, діни білімін толықтыруына және бауырластық байланысты нығайтуына мүмкіндік беретін тағылымды басқосу.
Осындай рухани жүздесулердің мәні – бір дастарқан басында бас қосып қана қоймай, жүректерді жақындастырып, имандылық пен ізгілікті ортақ құндылық ретінде дәріптеу.
Сарысу аудандық мешітінің баспасөз қызметі



21 Қараша 2026
10 Джумада-сани 1448

