Сарысу» аудандық орталық мешітінде «Пәтуа сағаты» атты танымдық кездесу ұйымдастырылды.
Кезекті пәтуа сағатында спирт қосылған дәрі-дәрмектерді қолданудың шариғи үкімі тақырыбы қозғалды. Бұл мәселе бойынша мешіттің наиб имамы Әбибулла Әлинұр жамағатқа түсіндірме жасап, дәрілік препараттардың құрамындағы спиртке қатысты шариғи ұстанымдарды баяндады.
Насихат барысында дәрі-дәрмек құрамындағы спирттің мөлшері мен сипаты, оны қолдану қажеттілігі және емделу мақсатында пайдаланудың шариғи ерекшеліктері жөнінде түсінік берілді. Сонымен қатар, медициналық қажеттілік туындаған жағдайда дәрілік препараттарды таңдауда ескерілетін діни ұстанымдарға тоқталды.
«Пәтуа сағаты» – жамағаттың күнделікті өмірде кездесетін діни мәселелерге қатысты сауатын арттыруға, шариғи үкімдерді дұрыс түсінуге және діни сұрақтарға негізді жауап алуға бағытталған тұрақты рухани-ағартушылық жоба.
Сарысу аудандық мешітінің баспасөз қызметі



21 Қараша 2026
10 Джумада-сани 1448

