САРЫСУДА РУХАНИ-ТАНЫМДЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

САРЫСУДА РУХАНИ-ТАНЫМДЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сарысу аудандық мешітінде жамағат арасында «Рухани сұхбат» атты рухани-танымдық іс-шара ұйымдастырылды.

Жиынның негізгі мақсаты – жамағаттың діни сауаттылығын арттыру, имандылық құндылықтарын насихаттау, көркем мінез бен адамгершілікті дәріптеу және мұсылмандар арасындағы бауырмалдықты нығайту.

Рухани сұхбат барысында дін мен дәстүр сабақтастығы, көркем мінез, ізгі амалдар және мұсылманның күнделікті өмірдегі жауапкершілігі секілді маңызды тақырыптар төңірегінде ой бөлісілді. Қатысушылар рухани құндылықтардың адам өміріндегі маңызына тоқталып, имандылық пен ізгіліктің қоғам қалыптастырудағы рөлі жайында пікір алмасты.

Осындай тағылымды басқосулар жамағаттың діни танымын тереңдетіп, рухани байланысты нығайтуға, ізгілік пен бауырмалдықты арттыруға ықпал етеді.

«Рухани сұхбат» – жүректерге иман нұрын ұялатып, ізгілікке жетелейтін, рухани тәрбие мен тағылымды насихаттауға бағытталған игі бастама.

Сарысу аудандық мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: