САРЫСУ: ЖАМАҒАТ ҚҰРАН ОҚУДАҒЫ ҚАТЕЛЕРІМЕН ЖҰМЫС ЖАСАДЫ

САРЫСУ: ЖАМАҒАТ ҚҰРАН ОҚУДАҒЫ ҚАТЕЛЕРІМЕН ЖҰМЫС ЖАСАДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 «Сарысу» аудандық орталық мешітінде «Құранмен қауышқан жүректер» атты жамағатпен рухани жүздесу кеші ұйымдастырылды.

Апта сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан рухани басқосудың басты мақсаты – жамағаттың Құран Кәрімді дұрыс оқуын қалыптастыру, оқу сауаттылығын жетілдіру және қасиетті Құранға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Кездесу барысында жамағат мүшелері бір шаңырақ астында бас қосып, әрқайсысы бір парадан Құран Кәрім оқып, толық 30 параны тәмамдады.

Рухани жүздесудің негізгі бөлігі мешіттің Қари ұстазы Арса Абдулхакимнің жетекшілігімен өтті. Ұстаз жамағат мүшелерінің Құран оқуын мұқият тыңдап, әрбір қатысушының оқу деңгейіне назар аударды. Құран оқу барысында жіберілген қателерді дер кезінде түзетіп, әріптердің махражын дұрыс шығаруды, сипаттарын сақтауды, тәжуид ережелерін орындауды және аяттарды дұрыс оқуды үйретті.

Сонымен қатар, қатысушыларға өздері жиі жіберетін қателер түсіндіріліп, оларды қайталамау жолдары көрсетілді. Қари ұстаздың тікелей бағыт-бағдары арқылы жамағат Құран оқудағы білімдерін жетілдіріп, дұрыс оқу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік алды.

Мұндай сабақтардың басты ерекшелігі – Құранды толық оқумен ғана шектелмей, оның әрбір әрпін өз орнына қойып, дұрыс әрі талапқа сай оқуға үйрету.

Жиын соңында Құран Кәрім толық оқылып, жамағатпен бірге хатым дұғасы жасалды.

Осындай жүйелі түрде ұйымдастырылатын рухани кездесулер жамағаттың Құран оқу деңгейін көтеріп, қасиетті кітаппен тұрақты байланыс орнатуына және мешіт айналасында қайырлы ортаның қалыптасуына ықпал етеді.

Сарысу аудандық мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: