Сарысу аудандық мешіті мен Ақтоғай ауылы Жүндібай баба мешітінің жамағаты арасында «Бірлік алаңы» атты спорттық іс-шара аясында достық футбол кездесуі ұйымдастырылды.
Аталған игі шараның негізгі мақсаты – мешіт жамағаттары арасындағы бірлік пен ынтымақты нығайту, бауырмалдық пен өзара сыйластықты арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және жастарды спортқа баулу.
Футбол алаңында өткен тартысты әрі қызықты кездесу қатысушыларға ерекше көңіл күй сыйлап, жамағат арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі бекемдей түсті. Спорттық сайыс барысында ойыншылар өздерінің шеберліктерін, ұйымшылдығын және командалық рухын көрсете білді. Сонымен қатар, бұл кездесу тек спорттық бәсекемен шектелмей, жамағаттың өзара жақындасуына, бауырлық байланыстардың нығаюына және ортақ игі істердің артуына жол ашты.
Ислам діні мұсылмандар арасындағы бауырластықты, татулықты және бірлікті жоғары бағалайды. Осындай игі бастамалар жамағатты ортақ мақсатқа жұмылдырып, қоғамда ізгілік пен ынтымақтың артуына ықпал етеді.
«Бірлік алаңы» аясында өткен достық кездесу өзара құрмет пен бауырмалдықтың жарқын көрінісіне айналды. Қатысушылар осындай пайдалы әрі тағылымды шаралардың алдағы уақытта да жалғасын табуына тілектестік білдірді.
Алдағы уақытта да жамағат арасындағы бірлік пен ынтымақты арттыруға бағытталған спорттық, рухани және тәрбиелік іс-шаралар өз жалғасын таба бермек.
Сарысу аудандық мешітінің баспасөз қызметі



21 Қараша 2026
10 Джумада-сани 1448

