Меркі: ҰЛТТЫҚ СПОРТ – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҢ ЖАЛҒАСЫ

Меркі: ҰЛТТЫҚ СПОРТ – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҢ ЖАЛҒАСЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тәтті ауылында жастар мен ауыл тұрғындары арасында ұлттық спорт түрлерінен сайыс ұйымдастырылды.

Жарыс барысында қатысушылар өзара күш сынасып, ептілік пен шапшаңдықтарын көрсетті. Ұлттық ойындарға қатысушылар белсенділік танытып, сайыс тартысты әрі қызықты өтті. Жарыс қорытындысында жақсы нәтиже көрсетіп, ерекшеленген қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды.

Шараның мақсаты – ұлттық спорт түрлерін дәріптеу, жастарды салауатты өмір салтына баулу және ауыл тұрғындары арасындағы ынтымақты нығайту.

Осындай игі бастамалар ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, жас ұрпақтың спортқа деген қызығушылығын арттыра берсін!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: