Меркі: Ажырасудың алдын алу» тақырыбында насихат айтылды

Меркі: Ажырасудың алдын алу» тақырыбында насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі, ОТБАСЫ БЕРЕКЕСІ – ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

Тәтті ауылдық мешітінің имамы Дулат Абдуманап «Ажырасудың алдын алу» тақырыбында насихат айтты.

Насихат барысында имам отбасының қоғамдағы орны мен некенің қасиеттілігіне тоқталып, ерлі-зайыптылар арасындағы түсіністік, өзара құрмет пен кешірімділіктің маңызын түсіндірді. Сонымен қатар отбасындағы келіспеушіліктерді сабырмен шешу, ашуға ерік бермеу және бала тәрбиесіне екеуінің де жауапкершілікпен қарауы қажеттігін атап өтті.

Дінімізде отбасы бірлігін сақтау, ерлі-зайыптылардың ақысын құрметтеу ерекше мәнге ие. Осы орайда имам ажырасуға асықпай, отбасындағы мәселелерді ақылдасу, мәмілеге келу арқылы шешуге шақырды.

Насихаттың негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ажырасудың алдын алу және қоғамда берік шаңырақтардың көбеюіне үлес қосу.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: