Меркі: ҰШЫР – БЕРЕКЕНІҢ БАСТАУЫ

Меркі: ҰШЫР – БЕРЕКЕНІҢ БАСТАУЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Жүніс молда» мешітінің жанындағы сауат ашу дәрісінің шәкірттеріне алма жемісінің ұшыр садақасы таратылды.

Игі бастаманың мақсаты – ұшыр садақасының маңызын дәріптеу, жиналған өнімнің берекесін бөлісу және діни білім алуға ниет еткен шәкірттерге қолдау көрсету.

Ұшыр – жерден алынған өнімнің белгілі бір бөлігін Алла разылығы үшін мұқтаж жандарға беру арқылы жүзеге асатын садақа түрі. Осындай қайырымды істер қоғамдағы өзара жанашырлықты арттырып, береке мен бірліктің нығаюына ықпал етеді.

Алма садақасын алған шәкірттер ризашылықтарын білдіріп, игі іске мұрындық болған азаматтарға алғыстарын жеткізді.

Алла Тағала берілген ұшыр садақасын қабыл етіп, адал еңбектің жемісіне береке берсін! Жақсылыққа себепші болған азаматтардың сауаптарын еселесін!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: