Меркі: Неке – екі жастың өміріндегі қасиетті қадам

Меркі: Неке – екі жастың өміріндегі қасиетті қадам

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қызылқыстақ ауылы «Әл-Карим» мешітінің имамы Төлеуғазы Асхатұлы ауылдағы бір шаңырақтың қуанышына ортақтасып,  Қазақтың салт-дәстүрі мен асыл дініміздің үйлесімін дәріптей отырып насихат айтты.

Ауыл имамы  өз сөзінде некенің ислам дініндегі орны мен маңызын түсіндіріп, отбасын құру үлкен жауапкершілік екенін жеткізді. Жас отбасының бір-біріне деген құрметі, өзара сенімі, сабыры мен сыйластығы шаңырақтың берік болуына негіз болатынын атап өтті.

Алла Тағала жас жұбайлардың шаңырағын шаттыққа, жүректерін махаббатқа толтырып, құрған отбасыларына береке-бірлік нәсіп етсін! Ұрпақтары иманды, ғұмырлары баянды болсын!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: