Меркі аудандық «Жүніс молда» мешітінің асханасында аудан бас имамы Дәуіт Сейітқалиұлының қолдауымен ұстаздар мен әйел жамағатының ұйымдастыруымен «Бір әйел – бір ізгі қоғам» атты игі шара аясында тағылымды басқосу өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – әйелдер арасында рухани құндылықтарды насихаттау, отбасы тәрбиесіне көңіл бөлу және қоғамдағы әйел-ананың қадір-қасиетін дәріптеу.
Басқосу барысында әйел адамның отбасындағы орны, бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі, ізгі мінез бен көркем әдептің маңызы жөнінде әңгіме өрбіді. Қатысушылар өзара пікір алмасып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, пайдалы мағлұматтар алды.
Жиын соңында ақ дастархан жайылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйланды. Осындай кездесулер әйел жамағатының ауызбіршілігін арттырып, рухани байланысын нығайтуға ықпал етеді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі


07 Қараша 2026
26 Джумада-авваль 1448

