Меркі: ӘКЕ – ОТБАСЫНЫҢ ТІРЕГІ, ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ

Меркі: ӘКЕ – ОТБАСЫНЫҢ ТІРЕГІ, ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінде Жамбыл облысы бойынша «Дәстүр және отбасы» бағытына жауапты Ғарифулла Қуанышбекұлының қатысуымен «Әкенің қоғамдағы орны» тақырыбында тағылымды кездесу өтті.

Кездесу барысында әкенің отбасындағы жауапкершілігі, бала тәрбиесіндегі рөлі және ұрпаққа үлгі болудағы орны кеңінен сөз болды. Сонымен қатар әкелік міндеттің тек отбасын материалдық тұрғыда қамтамасыз етумен шектелмейтіні, баланың рухани тәрбиесіне көңіл бөлу, оған дұрыс бағыт-бағдар көрсету де маңызды міндет екені айтылды.

Ғарифулла Қуанышбекұлы ұлттық тәрбиедегі әке өнегесіне тоқталып, әкенің отбасындағы беделі мен жауапкершілігі қоғамның рухани дамуына тікелей ықпал ететінін жеткізді.

Жиын соңында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, тақырып төңірегінде пікір алмасты.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: