Меркі: РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

Меркі: РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

25 қазан – Республика күніне орай Ойтал ауылында кіші футболдан жарыс ұйымдастырылды.

Спорттық шара «Намазхана» мешітінің имамы Олжабаев Жанболаттың ұйымдастыруымен өтіп, ауыл жастары мен мектеп оқушыларының басын қосты.

Тартысты өткен бәсекеде командалар өзара бақ сынап, спорттық шеберліктерін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

  • І орын – «Қайран 25» командасы;
  • ІІ орын – 1997 жылғы ауыл жастары;
  • ІІІ орын – мектеп оқушылары.

Іс-шараның мақсаты – Республика күні мерекесін атап өту, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, достық пен бірлікті нығайту.

Жарысқа қатысқан барлық командаларға алғыс білдіріліп, жеңімпаздарға ізгі тілектер айтылды. Осындай игі бастамалар ауыл жастарының ынтымағын арттырып, ұлттық мерекенің мәнін айшықтай түседі.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: