Меркі: БАЛА ТӘРБИЕСІ – АТА-АНАНЫҢ АСЫЛ МІНДЕТІ

Меркі: БАЛА ТӘРБИЕСІ – АТА-АНАНЫҢ АСЫЛ МІНДЕТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Жарас ата» мешітінің имамы Әбдуали Бейсеналиев ауыл тұрғындарына «Исламдағы бала тәрбиесі» тақырыбында насихат айтты.

Уағыз барысында бала тәрбиесінің отбасындағы маңызы, ата-ананың перзент алдындағы жауапкершілігі және ұрпаққа көркем мінез бен ізгі қасиеттерді үйрету мәселелері қозғалды.

Имам балаға жақсы тәрбие берудің тек ақыл айтумен шектелмейтінін, ата-ананың өз іс-әрекетімен үлгі болуы да маңызды екенін жеткізді. Сондай-ақ баланы имандылыққа, үлкенді құрметтеуге, кішіге ізет көрсетуге және адалдыққа баулудың маңызын атап өтті.

Насихат соңында ұрпақ тәрбиесіне бейжай қарамай, балаға дұрыс бағыт-бағдар беру әрбір ата-ананың ортақ міндеті екені айтылды.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: