Меркі: АС БЕРУ МӘДЕНИЕТІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Меркі: АС БЕРУ МӘДЕНИЕТІ ТҮСІНДІРІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Жарас ата» мешітінің имамы Әбдуали Бейсеналиев  Құдай асқа жиналған көпшілікке «Ас беру мәдениеті» тақырыбында тағылымды насихат айтты.

Насихат барысында ас берудің діни мәні мен тәрбиелік маңызы түсіндіріліп, марқұмдарға дұға бағыштау, ас үстіндегі әдеп пен қарапайымдылық мәселелері сөз болды.

Сонымен қатар ас беру кезінде бәсекелестік пен даңғазалыққа жол бермей, ысырапшылдықтан сақтану, дастарханды шамасына қарай ұйымдастыру қажеттігі ескертілді.

Имам көпшілікті ата-баба дәстүрін дін талаптарымен ұштастыра отырып, ас беру рәсімін сауапты амал мен ізгі дұғаға негіздеуге шақырды.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: