Меркі ауданының бас имамы Дәуіт Сейітқалұлы жас жұбайлардың некесін қиып, оларға отбасы құндылықтары жөнінде тағылымды насихат айтты.
Неке қию рәсімінен кейін бас имам ерлі-зайыптыларға отбасының берік болуы өзара сыйластыққа, сабырлылық пен түсіністікке байланысты екенін түсіндірді. Сондай-ақ ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген жауапкершілігі, ата-ана алдындағы құрметі мен ұрпақ тәрбиесіндегі ортақ міндеттері туралы ой қозғады.
Қасиетті некенің маңыздылығына тоқталған Дәуіт Сейітқалұлы жас отбасыға баянды бақыт, береке-бірлік тілеп, шаңырақтарының шаттыққа толы болуын дұға етті.
Алла Тағала жас отбасыға екі дүниенің бақытын нәсіп етіп, шаңырақтарына береке берсін!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



07 Қараша 2026
26 Джумада-авваль 1448

