Меркі: «ДІН МЕН ДӘСТҮР» – РУХАНИ ТАНЫМДЫҚ ОЙЫН ӨТТІ

Меркі: «ДІН МЕН ДӘСТҮР» – РУХАНИ ТАНЫМДЫҚ ОЙЫН ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Жарас ата» мешітінде «Дәстүр және отбасы» бағыты аясында жамағат арасында діни-танымдық сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты – жамағаттың діни сауаттылығын арттыру, халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлері мен ислам құндылықтарының сабақтастығын кеңінен түсіндіру.

Ойын барысында қатысушылар дін, дәстүр, ғибадат және мұсылмандық әдепке қатысты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін ортаға салды. Белсенділік танытып, дұрыс жауап берген жамағат мүшелеріне рухани мазмұндағы кітаптар сыйға тартылды.

Осындай танымдық шаралар діни білімді насихаттап қана қоймай, кітап оқуға деген қызығушылықты да арттыра түседі.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: