«Әс-Сәләм» мешітінің аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, мешіт ауласына арша және шырша көшеттері отырғызылды.
Көгалдандыру жұмыстары мешіт айналасын көркейту, жасыл желек көлемін арттыру және жамағатқа жайлы орта қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
Табиғатты аялау мен қоршаған ортаны таза ұстау – баршамызға ортақ міндет. Отырғызылған көшеттер мешіт аумағының ажарын ашып, көркіне көрік қоса бермек.
Алла Тағала осындай игі іске атсалысқан азаматтардың еңбегіне береке берсін!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



04 Қараша 2026
23 Джумада-авваль 1448

