«Жүніс молда» мешітінің сауат ашу курсына қатысып жүрген шәкірттерге арнайы дастархан жайылды.
Кездесуде шәкірттер бір дастархан басында бас қосып, өзара әңгімелесіп, көңілді уақыт өткізді. Мұндай басқосулар білім алып жүрген шәкірттердің бір-бірімен жақын араласып, мешітпен байланысын нығайтуға ықпал етеді.
Сонымен қатар шәкірттерге ізгі тілектер айтылып, діни білім алуда табандылық танытып, Құран үйрену жолында ынталы болу керектігі ескертілді.
Алла Тағала шәкірттердің ілімін арттырып, ниеттеріне береке берсін!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



04 Қараша 2026
23 Джумада-авваль 1448

