#Шу: «Құдайы ас – жарыс емес, сауап»

#Шу: «Құдайы ас – жарыс емес, сауап»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданына қарасты Бәйдібек ауылында бас имам Алмас Кенжемолдаевтың ұйымдастыруымен ауыл ақсақалдарымен кездесу өтті.

Кездесу барысында ауылдағы діни ахуал талқыланып, ел ішіндегі бірлік пен татулықты сақтау мәселелері сөз болды. Сонымен қатар бас имам «Құдайы ас – жарыс емес, сауап» тақырыбында уағыз-насихат айтып, ас беру рәсімінде ысырапшылдыққа жол бермеудің маңыздылығын түсіндірді.

Жиында құдайы астың негізгі мақсаты – марқұмға дұға бағыштап, сауапты амал жасау екені айтылды. Сондай-ақ ас беру кезінде бәсекелестікке бой алдырмай, қарапайымдылық пен қанағатты ұстану қажеттігіне назар аударылды.

Кездесу соңында ақсақалдар ел ішіндегі рухани құндылықтарды сақтау және кейінгі ұрпаққа өнеге көрсету жөнінде пікір алмасты.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: