Мойынқұм ауданына қарасты «Ратқұл ата» мешітінің имамы Алихан Жайлаубаевтың ұйымдастыруымен ақсақалдар арасында ас беру мәдениеті тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында дастархан басындағы әдеп, ас үстінде ақ бата берудің маңызы және орынсыз сөздер мен жағымсыз әрекеттерден тыйылу мәселелері сөз болды. Сонымен қатар жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеп, көргенділік пен әдептілікті үйретуде жасы үлкен қариялардың жауапкершілігі ерекше екені атап өтілді.
Ақсақалдардың өнегелі сөзі мен ақ батасы кейінгі буынға рухани тәрбие беріп, салт-дәстүр сабақтастығын сақтауға ықпал ететіні айтылды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.


28 Қазан 2026
16 Джумада-авваль 1448

