Шу аудандық «Жәми» мешітінің әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы жүзеге асты.
Игі шара аясында жалғызбасты анамыздың үйіне газ жүйесі орнатылып, жылыту қазандығы қойылды. Нәтижесінде үйге жылу беріліп, анамыздың тұрмыстық жағдайын жақсартуға көмек көрсетілді.
Қайырымдылық іс Алла разылығы үшін жасалып, мұқтаж жанға қолдау көрсетудің жарқын үлгісіне айналды. Осындай игі бастамалар қоғамда мейірімділік пен жанашырлықты арттыруға ықпал етеді.
Алла Тағала қайырымдылыққа үлес қосқан барша жанның ізгі амалдарын қабыл етіп, берекесін берсін!
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.


28 Қазан 2026
16 Джумада-авваль 1448

