#Шу: «Құдайы ас – жарыс емес, сауап»

#Шу: «Құдайы ас – жарыс емес, сауап»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық «Жәми» мешітінде әйел-қыздар секторының ұстазы Ғалия Байториеваның ұйымдастыруымен «Құдайы ас – жарыс емес, сауап» тақырыбында тағылымды іс-шара өтті. Жиынға мешіттің белсенді апа-әжелері мен шәкірттері қатысты.

Кездесу барысында дастархан басындағы әдеп, құдайы ас берудің мәні мен маңызы түсіндірілді. Ұстаз әжелер алқасына ас беру кезінде ысырапшылдыққа жол бермей, қарапайымдылық пен қанағатты ұстанудың маңыздылығын жеткізді.

Сонымен қатар құдайы астың мақсаты – марқұмдарға дұға бағыштап, сауапты амал жасау екені айтылып, ұлттық дәстүр мен діни құндылықтарды үйлестіре ұстану қажеттігі атап өтілді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: