Шу ауданына қарасты «Төле би» мешітінің әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Жастар және қоғам» тақырыбында семинар өтті.
Рухани шарада ұстаз Руқиям Абдуллақызы орыс тілінде, ал ұстаз Гүлжан Сағындыққызы қазақ тілінде уағыз-насихат жүргізді. Кездесу барысында адамгершілік, әдептілік және жастардың қоғамдағы орны мен жауапкершілігі туралы айтылды.
Семинар аясында жастар мен аға буын өкілдері арасында сұрақ-жауап ұйымдастырылып, тақырып төңірегінде пікір алмасу және пікірталас өтті. Сонымен қатар қатысушыларға арналған танымдық викторина өткізіліп, белсенділік танытқандарға сыйлықтар табысталды.
Шараның тәрбиелік мәнін арттыру мақсатында жастар «Ислам дініндегі жастар және қоғам» тақырыбында тағылымды көрініс қойды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



28 Қазан 2026
16 Джумада-авваль 1448

