#Мойынқұм: Ананың бала тәрбиесіндегі орны сөз болды

#Мойынқұм: Ананың бала тәрбиесіндегі орны сөз болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мойынқұм ауданына қарасты «Ратқұл ата» мешітінің имамы Алихан Жайлаубаевтың ұйымдастыруымен әйелдер жамағатына пәтуа сағаты өткізілді.

Рухани кездесуде ананың бала тәрбиесіндегі орны, әйелдің отбасындағы береке мен бірлікті сақтаудағы рөлі туралы кеңінен айтылды. Сонымен қатар бала бойына имандылық пен адамгершілік қасиеттерін сіңіруде ананың үлгі-өнегесі мен тәрбиесінің маңыздылығы түсіндірілді.

Жиын соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: