Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінде Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өнегелі өмірі мен көркем мінезін дәріптеу мақсатында Мәуліт жыры оқылды.
Рухани шара барысында жамағатқа Алла елшісінің (с.ғ.с.) адамгершілік қасиеттері, мейірімділігі мен үмбетіне қалдырған өнегесі насихатталды. Жиналған жамағат салауат айтып, рухани тағылым алды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



28 Қазан 2026
16 Джумада-авваль 1448

