Мойынқұм ауданындағы «Бірлік» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, әлеуметтік қолдауды қажет ететін бес отбасына азық-түлік пакеттері табысталды.
Игі шараның мақсаты – мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қоғамда мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу. Қайырымдылық жасау арқылы отбасыларға көмек көрсетіліп, ізгілік пен өзара қолдаудың маңыздылығы насихатталды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.


28 Қазан 2026
16 Джумада-авваль 1448

