Мойынқұм ауданына қарасты «Ратқұл ата» мешітінің имамы Алихан Жайлаубаев жамағатқа отбасылық тәрбие және адал қоғам тақырыптарында уағыз-насихат жүргізді.
Уағыз барысында отбасындағы сыйластық пен жауапкершіліктің маңызы, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және ұрпаққа өнегелі тәрбие берудің жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар адалдық, әділдік пен аманатқа беріктік секілді асыл қасиеттердің қоғамның берік қалыптасуындағы орны атап өтілді.
Имам жамағатты отбасылық құндылықтарды сақтауға, адал еңбек етіп, қоғам игілігіне үлес қосуға шақырды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.


28 Қазан 2026
16 Джумада-авваль 1448

