Мойынқұм ауданына қарасты «Ратқұл ата» мешітінің имамы Алихан Жайлаубековтің ұйымдастыруымен «Исламдағы бала тәрбиесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Рухани кездесуде бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі, жас ұрпақтың бойына имандылық пен адамгершілік қасиеттерін сіңірудің маңызы сөз болды. Сонымен қатар ислам дініндегі ұрпақ тәрбиесіне қатысты тағылымдар айтылып, отбасы құндылықтарын нығайту мәселелері талқыланды.
Жиын барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, бала тәрбиесіне қатысты ойларын ортаға салды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.


28 Қазан 2026
16 Джумада-авваль 1448

