#Мойынқұм: Ас беру мәдениеті бойынша жиын өтті

#Мойынқұм: Ас беру мәдениеті бойынша жиын өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мойынқұм ауданына қарасты «Ратқұл ата» мешітінің имамы Алихан Жайлаубаевтың ұйымдастыруымен ҚМДБ бекіткен «Ас беру мәдениеті» құжаты негізінде жиын өтті.

Жиында ас беру кезінде дастархан мәзіріне мән беру, ысырапшылдыққа жол бермеу және қарапайымдылықты ұстану мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар ас беру рәсімін шариғат талаптары мен ұлттық дәстүрге сай өткізу, дастархан басындағы әдепті сақтау қажеттігі айтылды.

Кездесу барысында қатысушыларға ас беру мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы түсіндіріліп, бекітілген құжаттағы талаптарды басшылыққа алу керектігі атап өтілді.

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: