#Мойынқұм: Жастарға лудоманияның зияны түсіндірілді

#Мойынқұм: Жастарға лудоманияның зияны түсіндірілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мойынқұм ауданы «Жәннәт» мешітінің имамы Айтбай Назарбековтың ұйытқы болуымен жастар арасында лудоманияның алдын алу тақырыбында уағыз-насихат жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында құмар ойындарға тәуелділіктің адам өміріне, отбасына және қоғамға тигізетін кері әсері түсіндірілді. Сонымен қатар жастарды теріс әдеттерден аулақ болып, уақытын тиімді пайдалануға, адал еңбек пен салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Жиын соңында жастар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: