БАЙЗАҚ: 30 ОТБАСЫҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАЛДЫ

БАЙЗАҚ: 30 ОТБАСЫҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қайырымдылық жасау, мұқтаж жандарға қолдау көрсету – асыл дініміздің ізгі құндылықтарының бірі. Осы игі дәстүрді жалғастырған Байзақ ауданы Кеңес ауылдық «Кеңес» мешітінің имамы Гали Олжабайұлы 30 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетіп, азық-түлік себеттерін таратты.

Игі шараның басты мақсаты – тұрмысы төмен және әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға көмек қолын созып, олардың тұрмысына аз да болса демеу болу. Мешіт имамы осындай сауапты істер арқылы қоғамда мейірімділік пен жанашырлықты арттыруды көздейді.

Қазақ халқы ежелден «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп, бір-біріне қолдау көрсетуді адамгершіліктің асыл қасиеті санаған. Мұқтажға жәрдем беру, жоқ-жітікке қарайласу – халқымыздың дәстүрі мен дініміздің ортақ ұстанымы.

Қайырымдылық шарасы – тек материалдық көмек қана емес, адамдар арасындағы бауырмалдық пен бірлікті нығайтатын игі бастама. Осындай сауапты істер алдағы уақытта да жалғасын тауып, көпшілікке үлгі бола бермек. Алла Тағала жасалған қайырлы істерді қабыл етіп, қайырымдылыққа үлес қосқан барша азаматқа мол сауаптан жазсын!

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: