БАЙЗАҚ: «МӘДІМАР» МЕШІТІНЕ САҒАТ УАҚЫП ЕТІЛДІ

БАЙЗАҚ: «МӘДІМАР» МЕШІТІНЕ САҒАТ УАҚЫП ЕТІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Уақытты тиімді пайдалану мен намаз уақыттарын қадағалау – мешіт жұмысының маңызды бөлігі. Осы мақсатта Байзақ ауданы, Мәдімар ауылы,  «Мәдімар» мешітіне сағат уақып етіліп, игі іс жүзеге асырылды. Мешітке жасалған бұл тарту – сауапты іске қосылған үлес әрі жамағатқа көрсетілген құрметтің белгісі. Уақып етілген сағат мешіттің күнделікті қызметінде пайдаланылып, жамағаттың игілігіне қызмет етпек.

Ислам дінінде уақып жасау – көпшілікке пайдасы тиетін ізгі амалдардың бірі. Адамдарға қажетті дүниені сыйға тарту арқылы сауапты іске үлес қосу мұсылмандық құндылықтармен үндеседі.

Алла Тағала осы игі іске себепші болған азаматтың ниетін қабыл етіп, жасаған жақсылығына мол сауап жазсын! «Мәдімар» мешітінің берекесі артып, жамағаттың бірлігі нығая берсін!

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: