Мойынқұм ауданына қарасты «Ратқұл ата» мешітінде «Әке – отбасының тірегі» тақырыбында уағыз-насихат айтылды.
Уағыз барысында әкенің отбасындағы орны мен жауапкершілігі, бала тәрбиесіндегі рөлі және ұрпаққа өнеге көрсетудің маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар отбасының берекесін сақтап, балаға дұрыс тәрбие беруде әкенің қамқорлығы, әділдігі мен өнегесі ерекше мәнге ие екені айтылды.
Жамағат отбасылық құндылықтарды дәріптеп, ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауға шақырылды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.


28 Қазан 2026
16 Джумада-авваль 1448

