Меркі: «ҚҰДАЙ АС – ЖАРЫС ЕМЕС, САУАП» ТАҚЫРЫБЫНДА ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Меркі: «ҚҰДАЙ АС – ЖАРЫС ЕМЕС, САУАП» ТАҚЫРЫБЫНДА ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы бойынша «Дәстүр және отбасы» бағытына жауапты Ғарифулла Қуанышбекұлы аудан ақсақалдарымен кездесу өткізді.

Кездесудің негізгі тақырыбы – «Құдай ас – жарыс емес, сауап». Жиында халқымыздың ас беру дәстүрі, оның діни негіздері мен тәрбиелік мәні сөз болды. Сондай-ақ ас беру кезінде ысырапшылдыққа жол бермей, қарапайымдылық пен ізгілікті басшылыққа алудың маңыздылығы түсіндірілді.

Ғарифулла Қуанышбекұлы құдайы астың негізгі мақсаты – марқұмға дұға бағыштап, сауап үміт ету, елдің бірлігін нығайту және ұрпаққа өнегелі дәстүр қалдыру екенін атап өтті. Дәстүрдің мәнін сақтап, оны бәсекеге айналдырмай, шариғат талаптары мен ұлттық құндылықтарға сай орындау қажеттігі айтылды.

Кездесу барысында ақсақалдар да өз ойларын ортаға салып, қоғамдағы ас беру мәдениетін қалыптастыру жөнінде пікір алмасты. Тағылымды басқосу үлкенге құрмет, дәстүрге адалдық және діндегі ысырапшылдықтан сақтану мәселелерін кеңінен талқылауға мүмкіндік берді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: