Меркі: «ЖАТ АҒЫМ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Меркі: «ЖАТ АҒЫМ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданының бас имамы Дәуіт Сейітқалиұлы Меркі аудандық полиция қызметкерлерімен «Жат ағым жарға жығады» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесу барысында діни сауаттылықты арттыру, жат діни ағымдардың ықпалына түсудің алдын алу және қоғамдағы тұрақтылықты сақтау мәселелері сөз болды. Бас имам діни ұстаным қалыптастыруда сенімді дереккөздерге сүйенудің, дәстүрлі ислам құндылықтарын дұрыс түсінудің маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ жастардың діни білімді білікті мамандардан алуы, күмәнді діни ақпараттарға сын көзбен қарауы және теріс идеологияның жетегінде кетпеуі қажеттігі айтылды.

Жиын соңында қатысушылар діни экстремизмнің алдын алу, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу және қоғам тыныштығын сақтау бағытындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Мұндай кездесулердің басты мақсаты – діни сауаттылықты нығайтып, ел бірлігі мен қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға үлес қосу.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: