Шу ауданында имамдар, молдалар, ұстаздар мен азаншылардың қатысуымен жиналыс өтті. Жиынға ауданның бас имамы Алмас Кенжемолдаев жетекшілік етті.
Жиналыс барысында қоғамда діни құндылықтарды насихаттау, ұлттық дәстүрлерді дәріптеу және халық арасында дұрыс діни түсінік қалыптастыру мәселелері қарастырылды. Атап айтқанда, «Құдайы ас – жарыс емес, сауап» және «Той – тағылым мен тәрбие ордасы» бағыттары бойынша атқарылатын жұмыстар талқыланды.
Сонымен қатар діни қызметкерлердің жылдық жұмыс жоспары қаралып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды. Бас имам жауапты мамандарға нақты тапсырмалар беріп, діни-ағартушылық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізудің маңыздылығын атап өтті.
Жиын соңында қатысушыларға жүктелген міндеттерді уақытылы әрі сапалы орындау тапсырылды.
Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.



26 Қазан 2026
14 Джумада-авваль 1448

